Қалқаман кентінде қарт әйелге қамқорлық жасалды

Қалқаман кентінде қарт әйелге қамқорлық жасалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Үйінен кіріп-шығуы мұң болған жалғызбасты әжеге тәртіп сақшылары көмекке барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көптен бері жалғыз тұратын егде жастағы әйел қиын жағдайға тап болған. Көру қабілеті нашар, онымен қоса аяғы ауыратын қарт анаға қарапайым тұрмыстық істермен айналысу қиынға соққан. Оған қоса мың құбылған ауа райы да әжейдің мазасын қашырғаны белгілі. Себебі ауласында бірнеше тал ағаш отын ғана қалған. Ал ұсақ көмір мүлдем таусылған. 

Жалғызбасты қарттың жағдайынан хабар алған Ақсу қаласы полиция басқармасының Қалқаман кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден көмекке ұмтылған. 

Тәртіп сақшылары отын кесіп, үлкен көмір тастарын сындырып, оларды пеште ең аязды күндерде де жылы болатындай етіп үйге кіргізіп, ауладағы қарды тазалап, жертөледен өз денсаулығына байланысты ала алмайтын картопты шығарып берген. 

- Көмек мұнымен аяқталған жоқ. Егде жастағы адамдарға назар аударудың ерекше маңызды екенін түсінген полиция қызметкерлері өздерімен бірге шайға тәттілер ала келген. Зейнеткер үшін бұл нағыз мерекеге айналды. Галина Георгиевна үй шаруашылығына жасалған көмекке емес, погонды жігіттердің қарапайымдылығы мен адамгершілігіне дән риза болды, - делінген хабарламада.  

Бұл оқиға форма мен қатаң қызметтің артында үлкен жүрегі бар қарапайым адамдар тұрғанын еске салады.