Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Марапаттау рәсімі ТЖ министрлігіндегі салтанатты жиналыста өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері су тасқынына қарсы қауіп - қатерлермен, табиғи өрттерге байланысты төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі жоғары кәсібилігі, сондай-ақ Баянауыл ауданындағы шахтада шұғыл жұмыстар кезінде қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» мемлекеттік медальдарымен марапатталды.


Он екі қызметкер жоғары наградаға ие болды, олардың ішінде Баянауыл ауданы ТЖБ бастығы Азамат Қожайбердиев, № 21 Өрт сөндіру бекетінің бастығы Ілияс Саманбетов, ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы Майер Максим және жедел-құтқару жасағының 9 қызметкері: Максим Стец, Қуат Шахмет, Жігер Рашид, Тылеубай Смайылов, Нұрсұлтанбек Балғымбеков, Ренат Жұмажанов, Дархан Жүзгенов, Павел Дятченко, Әлібек Абдулов бар.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өз өмірлеріне қауіпдіріп, төтенше жағдайларда жұмыс жасайды. Олардың кәсібилігі мен батылдығы Отанға деген жанқиярлықпен қызмет етудің символы болып табылады.