Қазақстан өңірлік білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып жатыр
Шетелдік студенттер саны 35 мыңнан асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші білім беру орталықтарының бірі ретінде өз позицияларын қарқынды түрде күшейтіп келеді. 2025 оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр.
Шетелдік студенттер санының өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға өсуі Қазақстанның сапалы білім беру бағдарламаларын, халықаралық академиялық орта мен кәсіби дамуға кең мүмкіндіктер ұсынатын толыққанды білім беру орталығын қалыптастыру кезеңінде екенін айқын көрсетеді.
Шетелдік студенттердің құрылымы білім алушылар географиясының айтарлықтай кеңейгенін байқатады. Көш бастап тұрған мемлекеттер:
Үндістан – 9 959
Түрікменстан – 9 089
Өзбекстан – 4 136
Қытай – 3 367
Ресей – 2 426