Құны – екі миллиард теңге: Тереңкөлде заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

Құны – екі миллиард теңге: Тереңкөлде заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Прокурорлар сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» шаруа қожалығына 20 жыл мерзімге 1 552 гектар жайылымды негізсіз беру фактісін анықтады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен департаменттің талап арызынан бас тартылды.

Бұл ретте сот учаске елді мекеннің жерлеріне жататынын және жергілікті халықтың малын жаюға арналғанын назарға алған жоқ. 

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді. Талап қанағаттандырылып, құны 2,1 миллиард теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.