Ұлттық ұланның формасын киген павлодарлық өзінің биімен Қазнетті жарды
Ол билеген видео әлеуметтік желіде мыңдаған қаралым жинады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде форма киген жас жігіттің орталық жағалауда билеп жатқан видеосы кең тарады. Көпшілік оны Ұлттық ұланның қызметкері деп ойлап, "қызметте сөгіс алады-ау" деп алаңдаушылық білдірді. Бірақ бейнебаянның кейіпкері радио жүргізушісі еді.
Замир Дүйсекеев Halyq radiosy-нда қызмет етеді. 29 шілдеде ол әскерге шақырылғандар туралы репортаж жасаған журналист сол сәтте форманы киюге сұрап алғанын айтады.
– Ертіс жағасын «патрульдеу» кезінде мен досымды кездестіріп қалдым. Оның қолындағы колонкасынан танымал трек ойнап жатты. Сол кезде танымал әуенге билегім келіп еді, оны біреу түсіріп алған екен, – дейді Замир.
36 жастағы журналист музыканттар отбасында дүниеге келген. Ол бала кезінен билегенді ұнатады. Бір кездері ол хореограф болып та жұмыс істеген.
– Отбасылық іс-шараларда жиі билеймін, туыстарым үйреніп қалған. Біздің отбасымызда - балгарлар бар. Сондықтан лезгинка біздің сүйікті билеріміздің бірі, - деді Замир Дюсекеев.
Әріптесіміздің әлеуметтік желіде кең тарағар биінің астында жүздеген пікірлер жазылған.
«Ұлттық ұланның позитивті жақсы баласы», «Ол керемет қимылдайды», «Тамаша» - деп жазады желі қолданушылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram