Асайын Байханов Кеншілер күнімен құттықтады

Асайын Байханов Кеншілер күнімен құттықтады
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Дәстүр бойынша Кеншілер күні тамыздың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ресми түрде кәсіби мереке 1947 жылдың тамызында бекітілді. Сол кезде «Құрметті шахтер» атағы үйлестірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұзда көмір өндірушілердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілерді жылы лебізімен құттықтады.

- Екібастұздың дамуы көмір өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Кеншілер мен шахтерлардың еңбегі біздің аймағымыз үшін өте маңызды. Және бұл жұмыс барынша төзімділікті, батылдық пен адалдықты қажет етеді. Бүгінде кеншілер астанасында осынау даңқты кәсіптің бірнеше ұрпағы ауысты. Біз Екібастұз кеншілерінің еңбектегі ерліктерін әрқашан есімізде сақтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, бейбітшілік, жанұяларыңызға амандық және еңбекте табыс тілеймін.

Үздік разрез қызметкерлеріне төсбелгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді.

Жергілікті әртістер, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары кеншілердің құрметіне өнер көрсетті.