Өткен қыста павлодарлықтар арасында үсіп қалудан рекорд жаңарды
Өңірде қатты аяздан тоңып қалған науқастар әлі де медициналық көмекке жүгінуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қалалық №1 ауруханасының күйік бөлімі меңгерушісі Асхат Мурсалимов мәлімдеді.
Күшті аяз салдарынан үсікке шалдыққандар бірінші болып медициналық көмекке өткен жылдың қазан айында жүгінген. Десе де, қыстың қытымыр суығынан қатты зардап шеккендер Наурыз айына дейін дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Белгілі болғандай, қабылдау бөліміне 53 науқас түскен, олардың 32-сіне ота жасалған.
– Ампутация көбінесе аяқ пен қол саусақтарына жасалды, – дейді дәрігер. – Терең және кең таралған зақымдар салдарынан төрт науқасқа екі аяғының орта бөлігінен төмен мүгедек ететін ота жасалды, біреуінің екі қолының саусақтары толық ампутацияланды. Үсік шалудың себептері әр түрлі. Біреулері ішімдік салдарынан болса, кей жағдайларда далада жүріп келе жатып та тоңғанын білмегендер бар. Тағы бір науқас аязда эпилепсия ұстамасы кезінде есінен танып қалған.
Меңгерушінің айтуынша, 2026 жылы соңғы бес жылдағы үсу жағдайлары бойынша рекордтық көрсеткіш орын алған. Бұрын мұндай диагнозбен келетін науқастар саны 30-дан аспаған.
– Үсіктің салдары әлі де кездеседі. Көп жағдайларда адамдар тоңып қалғаннан кейінгі асқынулар өз бетінше кетіп қалады деп ойлайды, – дейді Асхат Мурсалимов. – Кей науқастар ақпан-наурыз айларында тоңып, тек маусым айында ғана медициналық көмекке жүгінген де жағдайлар болды.
Тоңу салдары науқастың төмен температурада өткізген уақытына, жасына және қосымша аурулардың болуына байланысты. Дәрігер қалпына келу үшін тоңғаннан кейін дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес берді.