Өзгеріс жоқ: Павлодарлық депутаттардың балалар үйіндегі жөндеуге көңілі толмады

Өзгеріс жоқ: Павлодарлық депутаттардың балалар үйіндегі жөндеуге көңілі толмады
Фото: «AMANAT» партиясы ұсынды

Мердігерлер уәде еткен уақытта нысанды тапсырып үлгермей жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

AMANAT» партиясының өкілдері, депутаттар мен сарапшылар қараша айының ортасында сайлауалды бағдарламаның Жол картасының орындалуын бақылау аясында «Павлодар облыстық мамандандырылған балалар үйіне барды. Сол кезде күрделі жөндеудің жалпы пайызы тек 15%-ға ғана орындалған. Комиссия мүшелері айдың соңында партиялық бақылау комиссиясының отырысында бүкіл жағдайды түсінуге тырысты. «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігерінің негізгі көлемді желтоқсан айының соңына дейін аяқтау туралы уәдесіне қарамастан, қайта мониторинг алаңдаушылықты растады – объект мерзімінде тапсырылмайды. 

– Осы уақытқа дейін мердігер іс жүзінде алға жылжыған жоқ. Асфальттау жұмыстары аяқталмады. Ауа райына байланысты жақын арада орындалмайтыны анық. Жарықтандыру, желдету орнатылмаған. Ішкі әрлеу жұмыстарын тек үш адам жүргізеді. Мұның бәрі мердігердің 31 желтоқсанға дейін үлгермейтініне дәлел, – деді мониторингтік топ мүшелері.


Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко, отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Марина Стрелковская, тапсырыс беруші мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері нысандағы жағдаймен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті. 

– Бұл жерде 2022 жылдан бері қалған барлық жұмыс көлемін орындау физикалық тұрғыдан алғанда мүмкін емес. Бас мердігердің өкілдері жұмыстарға қатыспайды. Оған қосалқы мердігерлер немесе сырттан тартылған адамдарды жұмылдырады. Бұл  тұрақты, адал мамандардың бас мердігер ұсынған шарттарға келіспей, келмейтінін растайды, – деп атап өтті ПБК төрағасы Олег Костенко.


Қайта мониторинг қорытындысы бойынша комиссия тиісті талап қою шараларын, сондай-ақ ГАСК тарапынан шараларды қабылдау қажет екенідігін мәлімдеді.