Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Фото: Ақордадан

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия басшылығымен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды.

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. 

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.