Қауіп жоқ: Павлодар облысындағы сейсмикалық ахуал тұрақты

Қауіп жоқ: Павлодар облысындағы сейсмикалық ахуал тұрақты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірдің жергілікті атқарушы органдары жауапты қызметтердің жұмысын үйлестіруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз маңындағы жер сілкінісі туралы ақпарат сағат 11:32-де түсті.

Облыс әкімдігінің алдын ала мәліметінше, жағдай тұрақты, халыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Қала тұрғындарынан медициналық көмекке жүгіну деректері мен елеулі зақым тіркелмеген.

Нақты ақпарат Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан қосымша мәліметтер нақтыланған сайын жарияланатын болады.