«Қауіпсіз жол»: Павлодар облысында көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілер жазаланды

«Қауіпсіз жол»: Павлодар облысында көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілер жазаланды
К.Шелковтың иллюстрациялық суреті

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кеше облыста «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шара барысында полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқару фактілерін анықтап, жолын кесті.

Міселен, Құдайкөл ауылында полицейлер Kia маркалы автокөлікті тоқтатты. Әңгімелесу барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезілген. Жүргізуші көлік құралын басқарудан шеттетіліп, белгіленген тәртіппен медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Қорытындыға сәйкес, жүргізуші алкогольдік мас күйінде болған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік материал толтырылды, - делінген хабарламада.

Тағы бір жағдайда, осы елді мекенде ВАЗ-21093 автокөлігінің жүргізушісінде анықталды. Ол көлік құралын жалған мемлекеттік нөмірлік белгімен басқарған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты көрінеу жалған мемлекеттік нөмірлік белгілермен көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік материал рәсімделді.

– Іс-шара басталғалы бері жол қозғалысын қадағалау кезінде полицейлер жол қауіпсіздігі саласында 356 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4 – мас күйінде көлік басқару, 17 – оқылмайтын мемлекеттік нөмірмен жүру, 17 – техникалық жағдайы талапқа сай келмейтін көлік басқару, 7 – заңсыз қайта жабдықтау, 1 – қарсы қозғалыс жолағына шығу, 34 – қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ 23 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады. 

Еске сала кетейік, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 25 қаңтарға дейін жалғасады.