Қазақстан Ұлттар Лигасындағы қарсыластарын білді
Футболдан Қазақстан құрамасы С дивизионының 3-ші тобына жеребе тастады, онда олар Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әр команда топтық кезеңде алты ойын өткізеді: үшеуі үйде, үшеуі сырт алаңда.
C дивизионы
1-топ: Албания, Финляндия, Беларусь және Сан-Марино
2-топ: Черногория, Армения, Кипр және Латвия/Гибралтар (2026 жылдың наурыз айындағы плей-офф арқылы анықталады)
3-топ: Қазақстан, Словакия, Фарер аралдары және Молдова
4-топ: Исландия, Болгария, Эстония және Люксембург/Мальта
Матч кестесі
1-матч: 2026 жылдың 24-26 қыркүйегі
2-матч: 2026 жылдың 27-29 қыркүйегі
3-матч: 2026 жылдың 30 қыркүйегі – 3 қазаны*
4-матч: 2026 жылдың 4-6 қазаны
5-матч: 2026 жылдың 12-14 қарашасы
6-матч: 2026 жылдың 15-17 қарашасы