Қазақстанда ақауы бар ақылы жолдар тегін болды

Бұл өзгеріс елдегі барлық 27 ақылы жолға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап ақылы жолдарға жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
– Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді. Ұлттық оператор жолдардың жағдайын үнемі бақылайды. Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады, – делінген хабарламада.
Министрлікте атап өткендей, бұл бастама жол сапасын жақсартуға және жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.