Қазақстанда сегіз жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеуде

Қазақстанда сегіз жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2016 жылдан бастап елімізде алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналының мәліметінше, қабылдаған шаралардың  нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8%-ды құрады.

➤ нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді;

➤ Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды;

➤ Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді;

➤ ӘМАТ-тың «электронды айнасына» айналатын Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді.