Қазақстанда ЖИ мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту жаңа кезеңге шықты

Қазақстанда ЖИ мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту жаңа кезеңге шықты
Фото: primeminister.kz

Шымкентте ІТ мен ЖИ жобаларының ауқымды көрмесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының хабарлауынша, Шымкентте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің және бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған Digital Qazaqstan 2026 форумының цифрлық жобалар көрмесіне қатысты.

Форум экспозициясы стартаптар мен IT-компаниялардың жобаларын, робототехника және ЖИ-дрондар саласындағы шешімдерді, GameDev-бағыттарды, сондай-ақ білім беру, сараптамалық және қолданбалы өзара іс-қимыл форматтары бар AI Talent Hub алаңдарын біріктірді. Мұндай тәсіл Қазақстанның бірыңғай цифрлық экожүйені дамыту бағытын көрсетеді.

Делегация басшылары мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және қалалық инфрақұрылымға арналған жасанды интеллект саласындағы әзірлемелермен танысты.

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун көпшілік назарына бірқатар инфрақұрылымдық бастаманы ұсынды, олардың ішінде 35 мемлекеттік қызметті қамтитын AlemGPT мультиагенттік платформасы және Ұлттық ЖИ платформасының жобасы бар.

Цифрлық инфрақұрылым саласында дата-орталықтар мен энергетиканы дамыту жобалары ұсынылған. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин «ДӨА алқабы» жобасының алдын ала визуализациясын таныстырды. Ол технологиялық кластерді кезең-кезеңімен дамытуды, қуаттылығы әрқайсысы 50 МВт болатын ЖИ ДӨА-ны іске қосуды және энергетикалық инфрақұрылымды кеңейтуді көздейді.

Стартап-аллеяда сондай-ақ AI Startify Incubator, Auezov AI First, Ushqyn AI Operator, AIJan және CortexAI, AI Coventry University Kazakhstan жобалары ұсынылды. Бұл Қазақстанның университеттік әзірлемелерден бастап мемлекет, бизнес, білім беру және денсаулық сақтауға арналған қолданбалы сервистерге дейінгі өзіндік ЖИ-шешімдер экожүйесін қалыптастыру бағыты барын көрсетеді.

Көрме туралы ақпаратты толығырақ осы сілтеме арқылы оқуға болады.