Қызылорда-Павлодар автожолында автокөлік аударылды

Қызылорда-Павлодар автожолында автокөлік аударылды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

5 сәуір күні «Chevrolet cobalt» маркалы автокөліктің жүргізушісі «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1153-шақырымында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рөлді басқара алмай қалып, көлік құралы жол жиегіне аударылған.  

Салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталады.