Өткен жылы Павлодарда сәбилерге ең жиі қойылған есімдер қандай?

Өткен жылы Павлодарда сәбилерге ең жиі қойылған есімдер қандай?
Фото: жасанды интеллект

Қыздар арасында ең танымал есім – Айлин, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, өңірлерге қарай ата-аналардың таңдауында айқын ерекшеліктер байқалады.

Облыста өткен жылы қыз балалар арасында ең жиі қойылған есім – Айлин. Бұл есім соңғы жылдары танымалдығын жоғалтпай, ата-аналар арасында кең таралған. Ал ұл балалар арасында өңірінде Ислам есімі көш бастап тұр.

Жалпы республика бойынша да қыз балалар арасында Айлин есімі ең көп қойылған есім атанды. Ол Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында бірінші орында. Ал Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында Асылым есімі алдыңғы қатарға шыққан.

Ұл балаларға келсек, өңірлерге қарай танымал есімдер әртүрлі. Қазақстанның бірқатар аймақтарында Алан, Мұхаммед, Әлихан, Хамза, Әмір, Айсұлтан, Алдияр, Ислам, Михаил сияқты есімдер жиі қойылған.

Мамандардың айтуынша, сәбилерге есім таңдаудағы мұндай аймақтық айырмашылықтар елдегі мәдени алуандықты, сондай-ақ жергілікті дәстүрлер мен заманауи үрдістердің ықпалын көрсетеді.