1 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық күтілуде
Күндіз ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр болатын жел тұрады.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз сынап бағанасы …+35 градус дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі.