1 шілде күні Павлодар облысында жаңбыр мен тұман күтіледі

1 шілде күні Павлодар облысында жаңбыр мен тұман күтіледі
Фото: Константин Шелков

Сенбі күні ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 21-26 градус ыстық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыс желі 7-12, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыс желі 7-12 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус ыстық болады.