10 маусымда Павлодар облысында күн ашық болады

10 маусымда Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Түнде +7...+12, күндіз +23...+28 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +10...+12, күндіз +26...+28 градус көрсетеді.