10 желтоқсанда Павлодар облысында аяз күтіледі
Сондай-ақ қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Түнде облыстың шығысында тұман болады.
Солтүстік-батыс желінің екпіні 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -20..-25, күндіз -15..-20 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 3-8 метрді құрайды.
Сынап бағанасы түнде -23..-25, күндіз -17...-19 градус көрсетеді.