12 наурызда Павлодар облысында боран соғы, қар жауады
Ауа температурасы түнде …-19°C дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -14…-19°C болады. Күндіз -3…-8°C. Қар жауып, боран соғады.
Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болады. Облыстың оңтүстігі мен батысында желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді, ал түнде кей кездері 30 метрден де асады.
Павлодар қаласында түнде -15…-17°C, күндіз -4…-6°C. Ауа райы бұлтты, қар жауып, боран соғады.