Павлодардың екі шағын ауданында жарық болмайды
Мұнда электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.
- Электр желілерінде жөндеу жұмыстарының өткізілуіне байланысты 18 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін электр энергиясы өшіріледі, - делінген хабарламада.
Жарық келесі мекенжайларда болмайды:
- Хромзавод және Лесозавод шағын ауданындағы тұрғын үйлер;
- Комбинатский көшесі, 35;
- Толстой көшесі, 141/1.
Сонымен қатар, ертең сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Ак. Марғұлан көшесі, 115, 118, 120, 132, 138
Ак. Сәтбаев көшесі 75, 77, 77а және Есеналиев көшесі, 15-те электр энергиясы өшірледі.