12 наурызда Павлодар облысында қар жауады

12 наурызда Павлодар облысында қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде қар жауады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде  -17...-22 градус, облыстың оңтүстігінде  -14, күндіз  -7...-12 градус болады. 

Павлодар қаласында бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде  -19...-21, күндіз  -8...-10 градус аяз болады.