Сенбі күні Павлодар облысында +30 градус ыстық болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, 12 сәуірде оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, 15-20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде +8...+13, күндіз +25...+30 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +9...+11, күндіз +26...+28 градус ыстық болады.