13 ақпан павлодарлық балабақшада су болмайды

Ысырманы ауыстыру жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жұмыстарды «Прометей-1» ЖШС ПИК Ак. Бектұров көшесі, 19 мекенжайы бойынша жүргізеді.
Осыған байланысты сол күні сағат 9:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:
- Ак. Бектұров көшесі, 17, 17/1, 19, 21;
- Едіге би көшесі, 76/1 – Nº17 балабақша, 76/2;
- Торайғыров көшесі, 73, 75/3, 75/4.