14 тамызда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады

14 тамызда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +9...+17°C болады. Жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +28...+33°C. Облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +13...+15°C, күндіз +30...+32°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.