14 қарашада Павлодар облысында тұман түседі
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын аз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 2-3 градус, күндіз 3-8 градус жылы болады.
Павлодар қаласында бұлтты ауа райы күтіледі, түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.
Сынап бағанасы түнде 0-2, күндіз 5-7 градус көрсетеді.