Аққулы ауданында бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылды
Аудан тұрғындарына құны бес миллиард теңге тұратын жайылымдық жер қайтарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.
– Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген. Елді мекендердің 24 мың гектар жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.
Аққулы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 миллиард теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.
Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті. Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды.