15 мамырда Павлодар облысында үсік жүреді
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, топырақтың бетінде 3°С үсік, күндіз 19-21 градус ыстық болады.