15 маусымда Павлодар облысында күн жылы болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде температура +15...+20°C. Күндіз сынап бағанасы +25...+30°C дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Павлодар қаласында күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде ауа температурасы шамамен +20...+22°C, күндіз +28...+30°C дейін көтеріледі. Көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай күтіледі.