15 жыл жасырынған:әйелін өлтірген Павлодар облысының тұрғыны Астанада ұсталды
Қылмыскер әйелімен жанжалдасып, оны қылқындырып өлтірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, 2009 жылы ер адам Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Әйелі досына кетіп, қайтып оралмағаны жайлы айтқан. Полиция жоғалған адамды іздестіруді бастап, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланып, жоғалған адам жайлы хабар тараған. Бір жылдан кейін көлден әйелдің денесі табылды.
Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады. Тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды.
– Биыл жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда әйелін тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін денесін суға батырды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.– Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Қылмыскер Астанада ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр.