19 қарашада Павлодар облысында тұман түсіп, бұлтты болады
Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, өңірде түнде ауа температурасы -6...-11°C, күндіз -3...+2°C көрсетеді. Жауын-шашынсыз болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде -8...-10°C, күндіз 0...-2°C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.