Павлодарда неміс этносының күні аталып өтілді
Мереке қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қайта өрлеу» облыстық немістер қоғамының қолөнершілері «Біртұтас отбасында тұрамыз»жазғы фестивалінде ашық хаттар, тоқылған композициялар, түрлі қосымшалар қойылды.
– Полиэстер сымынан жіп қорабын жасауға екі күн қажет болды, – дейді Шарбақты филиалының басшысы Маргарита Шунк. – Біз мектеп жасынан бастап «Bastern» үйірмесінде қолөнерді үйренеміз. Балалар фоамираннан шырша ойыншықтары мен гүлдер жасайды. Ал «Deutsche küche» үйірмесінің сабақтарында ұлттық тағамдардың негіздерін білуге болады.
Неміс кондитерлік өнімдері фестивальде «шашуға» айналды.
Бұл күні сахнаға Павлодар облысынан Екібастұз, Ақсу қалаларының, Успен, Железин аудандарының және Розовка ауылының өнерпаздары шықты.
«Қайта өрлеу» ұжымдары әр түрлі конкурстар мен фестивальдерге қатыса отырып, әрқашан марапаттарға ие болады. Соңғы жеңістердің бірі ретінде «Mega Dance» халықаралық хореографиялық байқауында Розовкадан шыққан «Stembild» би тобының иеленген бірінші орнын айтуға болады. Онда олар «Тау тарихы» атты неміс биін биледі.
– Жаңа би түрі өзінің энергетикасымен ерекшеленеді, – дейді топтың хореографы Олеся Ефремова. – Бұл полька біздің қыздардың сүйікті биіне айналды.
Неміс тілін енгізудің кез-келген мүмкіндігін пайдаланып, «Stembild» жаттығуларында кейбір сөздер мен сөз тіркестері қолданылады.
Облыстық «Қайта өрлеудің» басшысы Вячеслав Руфтың айтуынша, немістердің республикалық қоғамдық ұйымында Павлодар өкілдігі өз қатарындағы жастар саны бойынша жетекші орынға ие.
– Мұндай факт, әрине, қуантады, – деді Вячеслав Руф. – Біздің қоғам шамамен 30 жыл бұрын қалыптасты. Осы жылдар ішінде «Қайта өрлеу» шынайылықты ескере отырып, дамудың әртүрлі кезеңдерінен өтті. Алайда, Қазақстанда неміс мәдениеті мен тіліне деген сұраныс өте жоғары болып қала берді.
Бұл бағытта тілдік курстар мен түрлі шығармашылық алаңдар – би және вокалдық үйірмелер, театр студиясы, жастар клубы үлкен көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, концертті ойын алаңдарындағы байқаулар ауыстырды, кішкентай көрермендер болса балмұздақтар алды.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлықтарды «Біртұтас отбасында тұрамыз» дәстүрлі жазғы фестивалінде облыстың барлық этномәдени орталықтары өздерінің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырады.