2 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде ауа температурасы -12…-17 °C, облыстың оңтүстігінде -7 °C болады.
Облыстың батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы -12…-14 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.