20 сәуірде Павлодар облысында күн жылынады

20 сәуірде Павлодар облысында күн жылынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағаны ...+21°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0...+5°C. Күндіз +16...+21°C дейін жылынады. Жауын-шашынсыз.

Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді.

Ал Павлодарда түнде 0...+2°C. Күндіз +19...+21°C. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.