21 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Күндіз сынап бағанасы...+26°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +4...+9°C, облыстың шығысында +2°C болады. Жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +21...+26°C дейін көтеріледі.. Жауын-шашын күтілмейді.
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді.
Ал Павлодарда түнде +5...+7°C. Күндіз +21...+25°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.