Павлодарда есік ашпаған қарт әйел ұлын әбігерге салды

Павлодарда есік ашпаған қарт әйел ұлын әбігерге салды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар көмекке бірден келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11:45-те облыс орталығында қарт адам пәтердің есігін ашпайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу шыққан құтқарушылар кіреберіс есікті кілтпен ашты. Кілтті әйелдің ұлы берді. Ол есікті өздігінен аша алмағандықтан құтқарушыларға жүгінді, себебі үй ішінен құлыптаулы болған. 

– Есікті ашқан құтқарушылар кіреберісте еденде 1942 жылы туған зейнеткер жатқанын анықтады, – делінген хабарламада. 

Құтқарушылар қала тұрғынына алғашқы көмек көрсетіп, 103 қызметіне тапсырды.