22 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

22 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. 

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.  Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -3...-2 градусты көрсетеді, облыстың оңтүстігінде +5, күндіз +6..+11 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашынды болады. Сынап бағанасы түнде 0..-2 аяз, күндіз +8..+10 градус көрсетеді.