Кенжекөлде гараждың ішінде көлік жанып кеткен

Кенжекөлде гараждың ішінде көлік жанып кеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпанда сағат 04:11-де Кенжекөл ауылының Малайсары тархан көшесі бойында көлік жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Жер үйдің қасындағы гараждың ішінде 6 шаршы метр аумағында көлік жанған. Сондай-ақ, екі шаршы аумағында ағаш сөрелер отқа оранған. 

Өртке тоғыз адам және екі өрт сөндіру көлігі шыққан. Өрт 47 минуттың ішінде сөндірілді.