25 ақпанда Павлодар облысында көктайғақ болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде батысында, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы 0...-5, облыстың шығысында -8 °C суық болады.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы күндіз -2...-4 °C-ты көрсетеді.