26 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

26 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +31...+36°C дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз +32...+34°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін.