27 қазанда Павлодар облысының кей жерінде жаңбыр мен қар жауады

27 қазанда Павлодар облысының кей жерінде жаңбыр мен қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 метр болады. Ауа температурасы түнде 0…+5°C, облыстың шығысында −3°C болса, күндіз +5…+10°C жылы болады.

Ал Павлодар қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желді екпіні 3–8 метр болады. Сынап бағаны түнде 0…+2°C, күндіз  +6…+8°C дейін көтеріледі.