29 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0...+5°C болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында -3°C-қа дейін салқын болады. Жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +14...+19°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Павлодар қаласында түнде -1...-3°C-қа дейін суық болады. Бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +16...+18°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.