Павлодарда саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтары қойылды

Павлодарда саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтары қойылды
Фото: Константин Шелков

16 желтоқсан – ел тәуелсіздігін қорғап қалған батырларды еске алу күні, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, діни конфессиялардың, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысып, ұлттық батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан студенттер арасында павлодарлықтар да болды: Камажай Сүлеймен, Қарлығаш Бекишева, Айман Зейнулина, Арман Қани, Қайролла Қаженов және басқалар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, 16 желтоқсан бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн.

Еске сала кетейік, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.