29 маусымда Павлодар облысының оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +20...+25°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +33...+38°C дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болып, сынап бағаны +40°C-қа дейін жетеді. Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +20...+22°C болады. Ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +34...+36°C. Ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болуы ықтимал.