29 сәуірде Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Сынап бағанасы +25°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +2...+7°C, облыстың шығысында 1 градус салқын болады. Күндіз ауа температурасы +20...+25°C дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
Павлодарда түнде +3...+5°C. Күндіз +22...+24°C. Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.