29 желтоқсанда Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады

29 желтоқсанда Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады
Фото: Константин Шелков

Облыс бойынша температура түнде -3...+2 көрсетеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 28-ге дейін жетеді. 

Облыстың басым бөлігінде  қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Күндіз -1...+4°C жылы болады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -1...-3, күндіз +1...+3°C көрсетеді. 

Күн райы бұлттанып, боран соғады, көктайғақ болады.