3 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

3 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде аздаған қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар аралас жауын-шашын болады.  

Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде  -5...-10°C, облыстың солтүстігінде -13°C, күндіз 0...-5°C, шығыста -8°C болады.

Павлодарда түнде аздаған қар жауады, көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы  түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C көрсетеді.