3 сәуірде Павлодар облысында көктайғақ болады

3 сәуірде Павлодар облысында көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыста ауа температурасы түнде -2...+ 3, күндіз + 5...+10°C көрсетеді.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде 0..-2°C, күндіз +8...+10°C көрсетеді.  Жауын-шашын күтілмейді.